іс шаралар
Колледжде білім алушылардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында волейбол, футбол, баскетбол, үстел теннисі, шахмат және ұлттық спорт ойындары бойынша үйірмелер тұрақты түрде жұмыс істейді. Бұл үйірмелер жастардың дене дайындығын жетілдіріп қана қоймай, олардың командалық рухын, көшбасшылық қасиеттерін және жеңіске деген ұмтылысын қалыптастыруға зор ықпал етеді.
Колледжіміздің дене тәрбиесі пәні оқытушылары Алматы қаласының құрама командасы сапына қабылданып, жоғары деңгейде өнер көрсетті. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері мен қызметкерлері арасында өткен республикалық спартакиадада Алматы қаласының құрамасы еліміздің 18 өңірі арасынан жүлделі І орынды иеленді.
Колледжіміздің оқытушылары қалалық, республикалық деңгейде ұйымдастырылатын түрлі спорттық, мәдени-көпшілік, кәсіби және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысып, білім беру саласындағы жоғары кәсібилігі мен шығармашылық әлеуетін танытып келеді. Әртүрлі байқаулар мен жарыстарда жүлделі орындарға ие болып, колледжіміздің мәртебесін көтеруге зор үлес қосуда. Олардың жетістіктері мен белсенділігі білім алушыларға үлгі болып, оқу орнының дамуына және беделінің артуына оң әсерін тигізуде.




Колледж білім алушылары қалалық спорттық жарыстарда жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Баскетболдан ұлдар құрамасы жүлделі ІІІ орынды, ал қыздар құрамасы І орынды иеленді. Қыздар командасы өздерінің жоғары дайындық деңгейін дәлелдеп, республикалық спартакиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Ұлттық колледж лигасының қалалық іріктеу кезеңінде колледжіміздің баскетболдан ұлдар құрамасы жоғары ойын шеберлігі мен командалық бірліктің үлгісін көрсетіп, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Жарыс барысында білім алушыларымыз табандылық танытып, өздерінің спорттық дайындықтарының жоғары деңгейде екенін дәлелдей білді. Бұл жетістік колледжіміздің спорт саласындағы жетістіктерінің жарқын көрінісі болып табылады.
Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушылары мен білім алушылары да қалалық жарыстарда белсенділік танытып, жоғары шеберліктерін көрсетті. Қалалық әскери-спорттық жарыста колледж командасы жүлделі І орынды жеңіп алып, оқу орнының абыройын асқақтатты.





