«Наубайшы шеберлігі» құзыреттілік орталығының ашылуы
Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Наубайшы шеберлігі» құзыреттілік орталығының ашылуы өтті. Бүгінде өнім сапасымен мамандардың кәсібилігі басты рөл атқаратын заманауи әлемде бұл орталық – оқу, тәжірибе алмасу және нан пісіру ісінде инновациялық технологияларды енгізу үшін маңызды платформа болмақ.
Құзыреттілік орталығы инновациялық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бұл студенттерге наубайшы және кондитер шеберлігі бойынша әлемдік стандарттарға сай практикалық дайындықтан өтуге мүмкіндік береді.
Құзыреттілік орталығының негізгі мақсаты — қазіргі еңбек нарығының талаптарына сай білікті мамандар даярлау. Тікелей эфир арқылы «Жас маман» жобасы аясында жабдықталған колледж жатақханасындағы зертхананың таныстырылымы өтті. Бұл зертханада студенттер өндірістік тәжірибеден өтіп, өз өнімдерін сатылымға шығаруға мүмкіндік алады.
Орталықтың ашылуында өткен шаралар:
• Белгілі наубайшылар мен кондитерлердің шеберлік сыныптары
• «Business Start-Up – Alma Nest» студенттік орталығының таныстырылымы
• ENACTUS жобасы аясында «Биогумустыңөндірісі мен сатылымы» бизнес-стартапының презентациясы
Шеберлік сыныптарының қатысушылары:
«Наубайшы шеберлігі»
• Винкие Себастьян Кладо Эмиль – бренд-шеф, "DAREN" кондитерлік үйі
«Кондитерлік ісі»
• Абенбай Жансулу – шеф-аспаз, "Monteverde" кафесі
• Жакова Кристина – шеф-кондитер, "Жаков и К" ЖК
«Ұлттық асхана»
• Турдиева Зибида – бренд-шеф, "Mura" мейрамханасы
«Инновациялық асхана»
• Исмаилов Абзал – шеф-аспаз, "Friendly" мейрамханасы
«Business Start-Up – Alma Nest» орталығының бизнес-жобалары:
• «YsyrApp» – инновациялық мобильді қосымша
• «SLICEME» – жеміс слайстары
• «NAN&SARQYT» – қышқыл қамырдан жасалған нан
• «Eat & Love» – жеуге жарамды ыдыс
Сондай-ақ, ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Әсем Бекқызы, Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Отыншиев М.Б, Техникалық және кәсіптік білім басқармасының басшысы Әбішев Е.М, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары Бекжанова А.С, Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары Сайлаубай А.С т.б белді өкілдер мен колледж басшылары қатысып, ашылу салтанатының куәсі болды.