Жаңалықтар

Бутабаева Назгуль Қуанышбаевна

Алматы қаласының Білім басқармасы педагог мамандығының мәртебесін көтеру және кәсіби қызметінде жоғары жетістіктерін ынталандыру мақсатында жыл сайын республикалық «Үздік педагог» конкурсының қалалық сатысын өткізеді. Осыған орай, Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Үздік педагог-2021» конкурсы ұйымдастырылып, арнайы пәндер оқытушысы Бутабаева Назгуль Қуанышбаевна жеңісті иеленді.
Назгуль Қуанышбаевна әрқашанда өзін қоғам талабына сай үздіксіз тәрбиелеп отыратын, адамдармен, әсіресе, оқушылармен қарым - қатынасқа тез түсе білетін, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, өз пәнін жетік білетін, таланты мен тәжірибесі тоғысқан, өзінің қоғамындағы саяси өмірге белсенді араласып, өз елі мен жеріне деген сүйіспеншілігі оқушыларға үлгі болатындай абыройлы педагог.
Өз еңбек жолында биік белестерді бағындырған Назгуль Қуанышбаевна білімі мен біліктілігін қалалық деңгейде көрсетуге ұсыныс білдірді. Колледж ұжымы абыройлы ұстазымызға сәттілік тілеп, жеңімпаз болатынына сенім білдіреді!