Банк және сақтандыру ісі

Мамандық: 04120100 Банк және сақтандыру ісі

Біліктілік: 4S04120103 Банк операциялары жөніндегі менеджер

Оқу мерзімі- негізгі орта білім /9 сынып негізінде – 2 жыл 10 ай

Оқыту түрі-күндізгі

Оқыту тілі- қазақ тілі, орыс тілі

 

Банк ісі маманының кәсіби қызметі ұлттық экономиканың барлық салаларында жүзеге асырылады, қаржы нарықтарының жұмыс істеуіне байланысты және банктер мен басқа да кредиттік ұйымдардың кәсіпкерлік қызметін кәсіби қамтамасыз етуге бағытталған.  

 Банк операцияларының менеджері, қысқаша айтқанда, қаржыгер, осы кәсіптің атауынан түсінікті, қаржымен жұмыс істейді. Қаржыгер түрлі көлемдегі және күрделілік дәрежесіндегі ақша операцияларымен айналысады, капиталды басқарады, жобаларды қаржыландыруды реттейді. Бұл ұйымға, компанияға немесе тіпті жеке тұлғаға ақшаны ресурс ретінде дұрыс басқаруға көмектесетін адам.

Колледжде оқу барысында сіз келесі кәсіби құзыреттіліктерді меңгересіз:

Ықтимал мүдделі клиенттерді тарту және кеңес беру;

Ақша қаражатын тарту бойынша операцияларды жүзеге асыру;

Кредиттік операцияларды жүзеге асыру;

Банк клиенттеріне операциялық қызмет көрсетуді жүзеге асыру;

Клиенттерге қызмет көрсету үрдісін реттеуге қатысу.

Қазіргі уақытта қаржыгер мамандығы өте жоғары сұранысқа ие. Егер сіз диплом алсаңыз, онда сізде жақсы жұмысқа орналасуға барлық мүмкіндік бар. Қаржыгерлер әртүрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қажет: банктер мен биржалар, инвестициялық қорлар, экономикалық және қаржылық қызметтер.

Бейіндік пәндер:

Оқыту тілі, алгебра, информатика