XV мерейтойлық Халықаралық Гастрономиялық Фестиваль «Дела Рук – Алматы 2025» сәтті аяқталып, жарқын әсерлер, құнды білімдер мен жаңа кәсіби байланыстар қалдырды. Үш күнге созылған мазмұнды шара барысында қатысушылар жоғары дайындық деңгейін, шабыт пен өз ісіне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Фестиваль аясында түрлі аспаздық номинациялар бойынша жеке және командалық жарыстар өтті. Біздің студенттер, өндірістік оқыту шеберлері мен арнайы пәндер оқытушылары жоғары деңгейде дайындық көрсетіп, колледжіміздің атынан лайықты өнер көрсетіп, көптеген жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды. Біздің жетістіктеріміз: • Диханова Әйгерім, Орынбасар Камшат, Лаубер Кристина — Нан пісіру чемпионатында 2-орын, күміс медаль; • Бердібеков Болатбек — Құс етінен дайындалған мейрамхана тағамы номинациясында 2-орын, күміс медаль; • Айса Мирас пен Белек Нұрбек — «Итальян пиццасы» номинациясында 2-орын, күміс медаль (жетекшісі: Мейіржан Әлімтайқызы); • Жақова Кристина — «Көпқабатты мерекелік торт» номинациясында 3-орын, қола медаль; • Жасөспірімдер арасындағы командалық жарыс: Талғат Байбатыр, Жылқибек Дархан, Санахова Нұрай (жетекшісі: Қапасова Жанар), Рахымжан Данияр, Аймұханбетов Алдияр, Рахимов Ілияс (жетекшісі: Анаятоова Айгүл) дипломдармен марапатталды; • «Нағыз паста, ризотто, лазанья, равиоли» номинациясы: Бейсенбек Асқар, Құдайберген Бекзат (жетекшісі: Ибрагимова Мәншүк), Фалин Максим (жетекшісі: Арғынбаева Ақбота) — дипломдар және алғыс хаттар алды; • Қабылдаева Құралай — «Миниатюралар» номинациясына қатысқаны үшін алғыс сертификатына ие болды. Мұндай ауқымды шараға қатысу – қатысушылар үшін өздерін көрсетуге мүмкіндік қана емес, сонымен қатар кәсіби тұрғыдан дамуға үлкен серпін болды. Біз олардың жетістіктерімен мақтанамыз және сайыскерлерді дайындаған тәлімгерлерге жоғары деңгейдегі дайындық үшін алғысымызды білдіреміз. Фестиваль ұйымдастырушылары Алматы мемлекеттік бизнес колледжі басшылығына шараны ұйымдастыруға жан-жақты қолдау көрсеткені және гастрономиялық мәдениетті, кәсіби білім беруді дамытуға қосқан зор үлесі үшін шынайы алғыс білдірді.