жаңалықтар

Сенбі күні 23.04.2022 ж., сағат 13:00 студенттерді ағылшын тілінде еркін сөйлеуге жаттықтыру мақсатында колледждің ағылшын тілі пәні мұғалімдерінің одағы 1 курс студенттеріне «Colorful culture»(Алуан түрлі мәдениет) тақырыбында «English Speaking club» (Ағылшын тілінде әңгімелесу клубын) ұйымдастырды. Американдық азамат, тіл маманы Dakota Nixon іс-шараның арнайы қонағы ретінде шақыртылды. Колледж студенттері американдық азаматпен ағылшын тілінде емін-еркін әңгімелесіп, тілдік білім деңгейі жоғары екенін көрсетті, жылы қарым-қатынас орнатты. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Көрермендер де, студенттер де, тіпті келген қонақ та өздеріне пайдалы ақпарат алып, тәжірибе алмасты.