«Қазақстанның жинақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі және оның даму перспективалары» тақырыбында дәріс өткізді.

13.11.2024ж «Есеп және қаржы» циклі  он күндік шеңберінде «DEKO» ЖШС-ң  қаржы бөлімінің жетекші маманы Н.Д. Нүсіпқожа мен Алматы қаласының АҚ-ң Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының  бас маманы Ермаханұлы Нұркенмен  білім алушыларға «1С: Бухгалтерия» бағдарламасындағы экспорттық және импорттық операциялар», «Қазақстанның жинақтау жүйесінің қазіргі жай-күйі және оның даму перспективалары» тақырыбында дәріс өткізді.  Білім алушылардың таңдаған бухгалтерлік, салықтық есеп саласының мамандығына қызығушылығын дамыту мақсатында  «1С: Бухгалтерия «, кәсіби модульдерді тереңдетіп зерделеу және маманның кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға бағытталған.
Дәріс барысында студенттер мен оқытушылар сұрақтар қойды, кері байланыс орнатылды, қойылған тақырыптың түрлі мәселелері бойынша белсенді пікірталас жүргізілді.
Дәріс өте қызықты, өзекті болды, тәжірибеден келтірілген мысалдар және кәсіби модульдерді одан әрі зерттеу кезінде оларды пайдалану мүмкіндіктері айтылды.