Касымханов Жомарт  Ерболатулы 2001 жылы туылған, 0515000 Менеджмент мамандығы бойынша Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің студенті болып табылады.

Оқуға ынтасы жоғары, 1 курстан бастап оқу үздігі, топтың және жалпы колледждің қоғамдық өміріне белсенді қатысады. 3 жыл бойы топтың көшбасшысы, өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарайды. Оқу барысында Жомарт ынталы және еңбекқор студент екенін көрсетті. Нақты ғылымдармен қатар, гуманитарлық ғылымдарға да қабілетті.

Жалпыколледждік іс шараларды («Мамандықтар апталығы», «Алло біз таллантарды іздейміз», «Студенттікке қабылдау», «Вена балы») дайындауда және жүргізуде белсенді ат салысты, жоғары ұйымдастырушылық қабілетін көрсетті. Қазақстан тарихы, ағылшын тілі және информатика пәндерінен олимпиада жүлдегері. Колледждің спорттық өміріне белсенді қатысады, колледждің баскетболдан құрама командасының мүшесі. «Drive» баскетбол мектебінің» «3х3 Summer Jam» қалалық баскетбол турнирін ұйымдастырушыларының бірі. Гандбол мен шахмат ойындарына қызығушылық танытады.

«Almaty Marathon» қалалық марафондарына үнемі қатысып, турнир ұйымдастырушыларының алғыс хатымен марапатталды.

       Жомарт колледждің Жастар комитетінің мүшесі. Сонымен қатар Жомарт қалалық «Еріктілер лигасының» мүшесі,  оның негізгі қызмет бағыттары – соғыс және еңбек ардагерлері мен жалғызбасты қарт адамдарға қамқорлық көрсету, салауатты өмір салтын насихаттау, әлеуметтік маңызды жобаларға, іс-шараларға қатысу және сайыстар ұйымдастыру. «Алматы қаласы -жайлы өмір үшін» қалалық форумында «АМБК Жасыл Жастары» командасының жетекшісі,«Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығының»  қалалық іс-шараларының белсенді қатысушысы болды.

Тәртібі мен талап қойғыштығы, мейірімділігімен үйлеседі. Табиғаты бойынша ашық, қайсар, көпшіл, креативті. Достары өте көп. Жігерлі, ұқыпты, әрдайым көмектесуге дайын. Ол кең танымды, болашағы жарқын және талабы жоғары студент. Мақсатқа өзін-өзі тәрбиелеу және төзімділік арқылы қол жеткізеді.Жомарт ғылыми зерттеу жұмыстарына белсенді қатысады: бірнеше рет ғылыми – тәжірибелік студенттік конференцияларда баяндамалар жасады. 2019 жылы ол «Қазақстан экономикасының ақпараттық ландшафты: тәжірибе және қазіргі әлемдегі  дамуы» атты республикалық ғылыми-студенттік конференцияда ағылшын тілінде баяндама жасап, 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде еркін сөйлейді. Нархоз университеті жанындағы Экономика колледжінің «Ойла және бай бол!» ұлттық валюта күніне арналған «Self development!Go and play! Think and grow rich» ойынына белсенді қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды. Болашақ мамандығына қызығушылық танытады, мамандығын жоғарғы оқу орнында жалғастыруды жоспарлайды.  Шешендік өнер, бизнес жоспарлау, уақытты басқару бойынша қосымша курстар мен тренингтерден өтуде, «Шешендер фабрикасы» қалалық орталығында өткен іс-шарада  «Топ дауысы» номинациясы бойынша  дипломмен марапатталды.Бос уақытында оқуды мамандық бойынша жұмыспен ұштастырады.  Мамандық бейіні бойынша тәжірибеден өткенде, жетекшінің жоғары мінездемесіне ие болды, жетекшісі оның ерекше кәсіби дағдыларын атап көрсетті.