Тәуелсіздік-тұғырым

Еліміздің тәуелсіздік күні мерекесіне орай “Есеп және технология”бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік-тұғырым» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты: Тәуелсіздік— ең басты құндылығымыз екенін жастарға ұғындыру, мемлекетіміздің жас ұрпаққа айтар жауапкершілігін саралай отырып, олардың бойында Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру. Кеш барысында студенттер өлеңдер оқып, әндер шырқады.