Халықаралық қарттар күні

Халықаралық «Қарттар күніне» орай тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ерікті студенттері аға буынға құрмет көрсету, тәрбиелеу мақсатында колледждің кәсіподақ комитетімен бірлесіп, лайықты демалыста жүрген ұстаздарымызды мерекемен құттықтады. Өйткені, біздің ардагерлеріміздің өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі педагогикалық еңбегі баға жетпес!