1С: Бухгалтерия көшбасшысы – 2022

15 қарашада Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде 04110100 – Есеп және аудит мамандығы бойынша Оқу – әдістемелік бірлестігі мен  «Есеп және қаржы» пәндік-циклдік комиссиясының   ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық валюта күніне арналған «1С: Бухгалтерия көшбасшысы – 2022» қалалық байқауы өтті.

Қалалық байқаудың әділқазы  алқасының құрамы:
1. Малғаждарова  Бибігүл  Төлепбергенқызы- Алматы қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары
2. Абишаев Ерик Мырзағалиұлы – Алматы қаласы Білім басқармасының Техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің басшысы
3. Мадиев Темірлан  Халелұлы – Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының  Алмалы ауданы бойынша филиалының директоры
4. Ескараева Акмарал Едигеевна- Ситуациялық мониторинг департаментінің директоры АҚ Отбасы банк
5. Тугельбаев Канат Саяхметович- «Vek Alsan» ЖШС директоры
6. Колледждің әлеуметтік серіктесі Туриспаев Ержан Молдағалиұлы – «Kausar Business Consalting» ЖШС директоры
7. Колледждің әлеуметтік серіктесі Ялымова Елена Валерьевна   –  «1С: Франчайзинг Ваниев Алматы» ЖШС директоры

Байқауға   Алматы қаласы мен Жетісу облысының 9 колледжінің 12 командасы қатысты.
«1С: Бухгалтерия көшбасшысы – 2022»»  қалалық байқауы төрт кезеңде өткізілді:
I тур   үй тапсырмасы – бейне жазба.
II тур «1С: Бухгалтерия 8.3» бағдарламасы бойынша өндірістік тапсырмалар.
III тур. Капитандар сайысы.
IV тур «Бухгалтерлік лабиринт» викторинасы

Беделді әділқазылар алқасы қатысушыларды практикалық тапсырмалардың сапасы мен теориялық дайындық деңгейі бойынша объективті бағалады.
Сайыс  ашық және әділ өтті,байқаудың Гран при иегері  болып  Алматы қ. Халықаралық сервис және менеджмент  колледжінің командасы  марапатталды.