«Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы»

Наурыздың 30 күні Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Кәсіптік білім беру: табысқа жетудің жолы» атты Алматы қаласы колледждерінің фестивалі шеңберінде ашық есік күні өтті.
Іс-шара техникалық және кәсіптік білім мамандықтарына деген қызығушылықты арттыруға, колледж түлектерінің табысты тәжірибесін және өз бизнесін ашу тәжірибесін насихаттауға арналған.
Іс – шара аясында: Аспаздық және кондитер өнімдерінен көрме үстелі, шеберлік сабақтар, кітапхана көрмесі, «Визуалды мерчендайзинг» құзіреттілігі бойынша тақырыптық витрина, тул-бокстар көрмесі, «Фортуна» платформасында экономикалық іскерлік ойын, спорт жарыстары мен мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Ашық есік күніне Алматы қаласының әр ауданынан, Алматы облысы Жамбыл ауданы, Еңбекшіқазақ аудандарынан мектептерінің 9-11 сынып оқушылары шақырылды. Іс – шараға 500 мектеп оқушысы қатысты.