Жұмыс беруші күні

15.11.2022 ж Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде  «Жұмыс беруші күні» іс-шарасы ұйымдастырылды. Бұл іс-шараның мақсаты мамандар дайындауда сапаны көтеру үшін, жұмыс берушілермен тиімді серіктестікті дамыту, нығайту. Осы мақсатпен тамақтандыру индустриясы, банк ісі, ақпараттық технологиялар, маркетинг және менеджмент саласындағы кәсіпорын өкілдері шақырылды. Іс-шара барысында «колледж – студент – кәсіпорын – тәлімгерлер» бағытындағы мәселелер, кәсіби бағыттау, жұмысқа орналастыру тәрізді сұрақтар талқыланды.