Колледж студенттерінің Алматы технологиялық университетінің өкілімен кездесуі


21 желтоқсанда Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде Алматы технологиялық университетінің байланыс орталығының басшысы Саят Бердіғалиулы экономикалық және технологиялық мамандықтардың 3-4 курс студенттері үшін 65 жылдық тарихы бар білім орнының Білім беру бағдарламаларының презентациясын өткізіп,колледж түлектерін ЖОО қабылдау ережелерін түсіндірді. Кездесу барысында білімалушылар барлық сұрақтарына мазмұнды жауаптар алды. Бұл кездесу оқу орындары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім шарт аясындағы алғашқы іс-шара болды.