Бизнес колледж астрономиялық обсерваторияда

2023 ж. сәуір айында Алматы мемлекеттік бизнес колледжі физика және информатика пәнінің оқытушылары А.Н. Қожабекова мен Н.Ж. Қорабаева 4 курс студенттерін ғарышкерлер күніне орай Алматы қаласындағы В.Г. Фесенков атындағы астрономиялық обсерваторияға алып барды. Бұл іс-шарада студенттер телескоп арқылы аспан денелерін тамашалап, физика-астрономия ғылымының қызыққа толы сұрақтарына жауап алды.