жаңалықтар

22 сәуірде  жұмыс берушілер мен «Бизнес және басқару» бейіні бойынша «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі»  жанындағы оқу-әдістемелік бірлестіктің қатысуымен онлайн жиналыс өтті.

Кеңеске қатысушылар: 60 бейінді колледж директорларының орынбасарлары мен оқытушылары, Алматы қ. Халықаралық бизнес академиясы колледжінің директоры А. А. Хисматуллина, Нұр-сұлтан Қ. Қазтұтынуодағы жоғары сауда-экономикалық колледжінің директоры М. Т. Кужимов, «Jusan Garant «сақтандыру компаниясы» АҚ өкілі Г. Көпбасарова, KASE /Қазақстан қор биржасы/ басқарушы директоры  Е. Мұхамеджанов.

Жиналыстың модераторы  НАО «Talap» президенті  Ордабаев О.Т

«Алматы Мемлекеттік бизнес колледжі»  жанындағы ОӘБ төрағасының орынбасары Ж.Нуркасова   2021 жылғы оқу-әдістемелік бірлестіктің қызметі , әлеуметтік серіктестермен және жұмыс берушілермен өзара ынтымақтастық бағыттары, білім беру бағдарламаларын әзірлеу және сараптау туралы айтып берді.

Халықаралық бизнес академиясы колледжінің директоры А. А. Хисматуллина колледж студенттерінің кәсіпкерлік дағдыларын дамыту бойынша  халықаралық жобаларының тәжірибесімен бөлісті.

 Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің әлеуметтік серіктесі «Kausar Business Consulting» ЖШС директоры Е.Т. Туриспаев колледжбен кәсіптік практика және өндірістік оқыту және студенттерді сертификаттау, оқу орталығы негізінде оқытушылардың біліктілігін арттыру және тағылымдамасын өткізу бойынша ынтымақтастық туралы сөз сөйледі.

 Жиналысқа қатысушылар білім беру бағдарламаларының мазмұнын, колледждердің жұмыс берушілермен өзара іс-қимылын, колледж түлектеріне қажетті дағдылар мен құзыреттер туралы талқылауға белсенді қатысты. Әңгіме қызықты әрі мазмұнды болды .

Жиналыс қорытындысы бойынша жұмыс берушілермен және ОӘБ өкілдерімен бірлесіп «Есеп және аудит», «Банк және сақтандыру ісі» мамандықтары бойынша білім беру бағдарламасын әзірлеу туралы шешім қабылданды.