Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің кітапханасы- негізгі ақпараттық –библиографиялық ресурстарды тегін пайдалана отырып, оқу білім үрдісін қамтамасыз ететін құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Қазіргі таңда колледж кітапханасы оқу, оқу-әдістемелік, анықтамалық әдебиеттермен және басқада ақпарат көздерімен қамтамасыз ететін, сонымен қатар сұраныс бойынша материалдарды іріктеп, кеңес беретін оқу үрдісінің ажырамас бөлігі.
Колледж кітапхананың оқу залында абонементтік бөлімі оқырмандарға жазылу арқылы қызмет көрсетеді. Кітапхананың жалпы ауданы 81.2 м2, кітап қоймасының ауданы 50 м2, кітапханадағы отыратын орындардың жалпы саны – 24.
Кітапхана қоры өз жұмысын мемлекеттік стандарттар мен оқырмандар қажеттіліктеріне сәйкес қалыптастырады және үнемі жаңартылып отырады. Жалпы кітап қоры 66108 дананы құрайды: оқулық – 43 096 дана, соның ішінде мемлекеттік тілде – 25987. Оқу құралы – 1630 дана; ғылыми әдебиеттер-12831, көркем әдебиет-3025, электрондық оқулықтар-295.
Колледж кітапханасының негізгі мақсаты- ол білім алушылардың ақпараттық мәдинетін дамыту, адамға рухани байлық силап,патриоттық, адам құқықтары мен бостандығы және әртүрлі мәдениеттер мен мемлекеттік тілді құрметтеу, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал ету.
Кітапханашы күні – қызметкерлердің ғана мерекесі емес, ол оқырмандардың да мерекесі. Мереке құтты болсын!!!