Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы
Кәсіби бағдар жүргізудің мақсаты
ШЕБЕР СЫНЫП ӨТКІЗУ БАРЫСЫ

ШЕБЕР СЫНЫП НӘТИЖЕСІ БОЙЫНША СЫН-ПІКІР
06.11.2024 жылы Алматы мемлекеттік бизнес колледжі №136 мектеп гимназиясында «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы» жоба аясында «Жеміс-жидектерді кесу түрлері» мен «Дастарханды сервиздеу» тақырыбында 8 «Б» сыныбымен шебер-сынып өткізді.
Мақсаты: білім алушының кәсіби қызығушылығына, жеке қабілеттері мен психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес білім алудағы және кәсіби саладағы мүмкіндіктерді, мамандықты және оқу орнын еркін әрі саналы түрде таңдау құқықтарын іске асыруда ақпарат беру және әртүрлі шебер-сыныптар көмегімен көмек көрсету.
Шебер-сыныпты өте жоғары дәрежеде өткізген: бөлім меңгерушісі Дурумова Л.А., оқу өндірістік шебері Бердибеков Б.А. және арнайы пән оқытушысы Искакова А.М.-ға алғысымызды білдіреміз.
«Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы» жоба аясындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде. 07.11.2024 жылы «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» «№ 169 мектеп-лицейінде» мектеп оқушыларына кәсіби-бағдар беру мақсатында «Бутерброд дайындау» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында оқушылармен қызықты ақпараттармен бөлісіп қана қоймай, мамандықтың қыр сыры айтылып, оқушылардың сұрақтарына толыққанды жауап алуына көмектесті.
Шебер-сыныптың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан арнайы пән оқытушылары Капасова Ж.А., Искакова А.М. және 1 тех А студенті Рузиева Томириске алғысымызды білдіреміз!
«Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы» жоба аясындағы жұмыстар жалғасын табуда.
14.11.2024 жылы «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» «№ 136 мектеп лицейі» оқушыларына кәсіби-бағдар беру мақсатында “Sandyq” мейрамханасының аспаздарын Меделбеков Ердәулет және Бекболатов Диасты арнайы шақыртып, ұмыт қалған ұлттық тағамдарды жаңарту мақсатында «Майсөк» және «Тарыдан балмұздақ (арнайы әдіспен)» және «Дастарханды сервиздеу» тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында оқушылар өз қолдарымен балмұздақ жасауды үйреніп қана қоймай, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Шебер-сыныптың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан ұлттық тағамдардың брендке айналуына ат салысып жүрген аспаздарға және арнайы пән оқытушылары Дурумова Л.А, Искакова А.М. алғысымызды білдіреміз!
Шет елдік тағылымдама аясындағы «Кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру құралы ретінде оқушылардың ерте кәсіптік бағдарлануы» жобасы қарқынды түрде жүргізілуде.
20.11.2024 жылы «Алматы мемлекеттік бизнес колледжі» “№ 169 мектеп лицейі” оқушыларына кәсіби-бағдар беру мақсатында “Шәй және кофе дайындау” тақырыбында шебер-сынып өткізді. Шебер-сынып барысында оқушыларға шәй мен кофенің шығу тарихы және дайындалу ерекшеліктері туралы ақпарат берілді. Шебер-сынып өте жоғары дәрежеде өтті. Оқушылардың алғысын алдық.
Шебер-сыныптың жоғары дәрежеде өтуіне ат салысқан бөлім меңгерушісі Дурумова Л.А және арнайы пән оқытушылары Искакова А.М. алғысымызды білдіреміз!