«Алматы қаласының жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласы: Болашақтың креативті мамандықтары»
9 сәуір 2025 жылы Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Алматы қаласының жаңа мамандықтар мен құзыреттіліктер атласы: Болашақтың креативті мамандықтары» атты форсайт-сессия өтті. Бұл іс-шара жаңа мамандықтар атласын талқылауға арналды, ол қаладағы еңбек нарығының болашақтағы қалыптасуына маңызды құрал болады. Форсайт-сессияның ұйымдастырушысы — колледждің Есеп және аудит, Менеджмент, Маркетинг мамандықтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестігі.
Форсайт-сессияға бизнес өкілдері, мамандықтар бойынша колледждер оқу-әдістемелік бірлестіктері, сондай-ақ мемлекеттік органдар қатысты, олар бірге еңбек нарығындағы ағымдағы трендтерді талқылап, алдағы жылдары сұранысқа ие болатын жаңа мамандықтарды анықтауға тырысты:
Спикерлер:
- В.П. Проскурина – ТОО "ПрофиТренинг" ГК "Есеп" методологы
- Г.А. Жексембаева – Алматы қаласы Еңбек мобильділігі орталығының болжау және жинақтау бөлімінің басшысы
- В. Жаравин – бизнес тренері
- Д.Е. Сейділдаева – Tele 2 Kazakhstan компаниясының персоналды таңдау және бейімдеу бөлімінің басшысы
- Г.Н. Кабдолашева – ЖШС Алматыкiтап Баспасы жобалық PR офисінің басшысы
- Е. Ялымова – ЖШС «1С: Франчайзинг Ваниев Алматы» директоры
- Ж.А.Нуркасова - Алматы мемлекеттік бизнес колледжінің ОӘБ жөніндегі директордың орынбасары
Г.А. Жексембаева Алматы қаласы бойынша еңбек мобильділігі орталығының қызметі мен 2025-2030 жылдарға арналған кадрларды қажет ету бойынша талдауы нәтижелері туралы айтты.
Сессия барысында Алматы қаласының 12 бейіндік колледжінің өкілдері: Анаятова И.В. – Алматы қаласының Туризм және қонақжайлылық индустриясы колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары, Н.В. Серая – Алматы технологиялық колледжінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі директор орынбасары, Н. Турарбек – АГБК арнайы пәндер оқытушысы және басқалары өздерінің білім беру бағдарламаларын жетілдіруге қатысты ұсыныстарын білдірді.
Сессияға қатысушылар уақыт талаптарына сай мамандарды даярлаудың тиімді және бейімделгіш жүйесін қалыптастыруға ықпал ететін негізгі бағыттарды анықтай алды.




