«Фариза, Фариза ақын, Фариза апа»

                       22.12.2018ж Колледжімізде дәстүр бойынша қазақтың поэзия падишасына арналған                          «Фариза, Фариза ақын, Фариза апа» атты әдеби сазды кеш өткізілді.

Әдеби сазды кеш Фариза ақынның тағлымды да,өнегелі мол мұрасын студент жастарға насихаттау.Жастардың назарын қазақ поэзиясына тарту. Фариза Оңғарсынованың шығармалары арқылы адами құндылықтар мен адамгершілік қағидаттарын студенттер бойына сіңіру сынды қасиетті мақсаттарды көздеді.

Бұл кештің құрметті қонақтары: Алмагүл Оңғарсынова , Асыл Осман , Гүлсңм Оразалина , Гүлмира Ақүрпекова

Фариза ақынды еске алу кеші жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді. Осыған орай колледж қабырғасында ақын шығармашылығынан сусындап өскен биылғы бітіруші түлектер 1 курс білім алушыларына ақын шығармашылығына арналған кешті одан әрі жалғастыруды табыс етті. Шығармашылық кешті ұйымдастырушылар: Тіл пәндер бірлестігі